Үстіміздегі жылғы 23 қыркүйектен 20 қазанға дейін Қызметтің өкілдері Қазақстан Республикасының барлық облыстарында ҚР МКҚ қатарында мерзімді қызмет өткеру үшін әскерге шақырылушыларды іріктеу жөніндегі жұмысты бастайды. Сондай-ақ шақыру науқанын өткізу кезеңінде запастағы және қолданыстағы әскери қызметшілердің арасынан үміткерлер қарастырылатын болады.