Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері «Тіл шебері» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

    «Қазақстан халықтары тілдері күні» мерекесі аясында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен 2015 жылғы 18 қыркүйекте «Тіл шебері» мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық байқауы өткізілді. Байқаудың салтанатты ашылу рәсімінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы алғы сөзінде байқаудың маңыздылығына тоқтала кетіп, қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді.
    Байқаудың талабы бойынша мемлекеттік қызметшілерден құралған қатысушылар үш тілді яғни – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу шеберлігін көрсету қажет болды.
    «Тіл шебері» байқауында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің абыройын қорғауҚазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Аппаратының қызметкері кіші сержант Кругликов Александр Юрьевичке бұйырып, ол жүлделі 2-орынға және ақшалай сертификатқа ие болды.
    Айта кететін бір жайт, орталық және жергілікті атқарушы органдарда қызмет ететін 21 мен 30 жас аралығындағы байқауға қатысушылардың ішінде өзге ұлт өкілі, нақтырақ айтқанда,орыс ұлтының жалғыз өкілі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері болды.
    «Мәдениеттаным», «Өнертаным», «Ұлттаным» сияқты үш кезеңнен құралған байқаудың шарттары бойынша қатысушыларқазақ халқының салт-дәстүрлері, ділі мен тілі жөніндегі бейне сұрақтарға қазақ тілінде жауап беріп, үш тілдегі жаңылтпашты жаңылмай 2 рет айтудан жарысып, сонымен қатар, қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі орыс, ағылшын тілдеріндегі сұрақтарға мүдірмей жауап берулері тиіс еді.