Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің

Құрмет қарауыл ротасы мен Президенттің үрмелі оркестрінің Мәскеу қаласында өткен «Спасская башня» халықаралық

әскери-музыкалық фестивалінде өнер көрсетуі

 

5 қыркүйек күні Мәскеу қаласында халықаралық «Спасская башня» әскери-музыкалық фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.  Фестивалдің ашылу рәсімінде  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Құрмет қарауыл ротасы мен Президенттік үрмелі оркестрі «Абылай хан» композициясының сүйемелдеуімен салтанатты шеруді бастап, жоғары дәрежеде өнер көрсетті. «Абылай хан» музыкалық шығармасы Қызметтің өзіндік ерекшелігі, әрі бұл шығарманың авторы Президенттің оркестрдің бастығы, дирижер, бірқатар республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының әскери-дирижерлық факультетінің түлегі, полковник Талғат Бердіғұлов.

Фестивальдің биылғы тақырыбы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған. Сонымен қатар, Қызметтің музыкалық ұжымы Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына орай арнайы бағдарламасын да әзірлеген болатын. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің Құрмет қарауыл ротасы мен Президенттік үрмелі оркестрі музыканттарының шеберлігі және таңдалынған репертуары, соның ішінде халық әндері мен көпшліктің сүйіп тыңдайтын «Солдат любви» (А-студио), «Moscow never sleeps» (Dj Smash), «Москва майская» (Братья Покрасс) шығармаларының орындалуы жылдағыдай Қызыл алаңға жиналған көрермен қауымның ерекше ілтипатына бөленді.

«Спасская башня» фестивалі туралы

Сегізінші «Спасская башня» халықаралық әскери-музыкалық фестивалі Мәскеу қаласында Қызыл алаңда ағымдағы жылдың 5-13 қыркүйек аралығында өтеді.

Фестивальге 14 елдің үздік әскери оркестрлері, фольклорлық ұжым мен мемлекет басшыларының Құрмет қарауыл роталары қатысады. Биыл қатысушылардың қатарында Ұлыбритания, Греция, Бельгия, Қазақстан, Қытай, Жапония  және т.б. елдер бар. Фестивальдің биылғы жылғы құрметті қонағы француз әншісі Мирей Матье.

Фестиваль соңында Қызыл алаңға барлық қатысушылардан құралған құрама оркестр жасақталып (1500 жуық музыканттар), жарық сәулелі шоудың сүйемелдеуімен соңғы аккордттарды орындайды.