Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Оққағар-2015» қызметтік турнирі

    2-3 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде жыл сайынғы «Оққағар-2015» қызметтік турнирі өтті.
    «Оққағар» турнирінің басты мақсаты ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады. Биыл турнирдің өткізілуіне ереше мән берілді. Себебі, еліміздің элиталық қуатты  құрылымы болып табылған Қазақстан Республикасының Президенттік күзет қызметі мен Республикалық ұланның біріктіліріп, Мемлекеттік күзет қызметі болып  құрылған күнінен бері алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
    Бүгінгі күні Қызмет екі ведомствоның даңқты дәстүрін жалғастыра отырып, ең қуатты күштік құрылымға айналды. Сол себептен де биыл сайыстың тапсырмаларына өзгерістер енгізіліп, талаптар қатаңдатылды. Қызметкерлер мен «Айбын» және «Батыр» әскери полктың әскери қызметшілеріне қойылатын талап теңестіріліп, олардың кәсіби дайындықтарына аса мән бірілуде.
    Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы генерал-майор Амантай Жәңкеұлы Күреңбеков турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде айтылған алғы сөзінде күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса жауапты, әрі өзіндік ерекшеліктері бар қиын іс. Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қаматамсыз ету үшін ең бастысы кәсіби тұрғыдан әбден машықтану, дер кезінде дұрыс шешім қабылдай білу және әрекет етіп, жағдайды алдын ала болжай білу қажет екендігін айта кетті. Талаптардың қатаң болуы Қызмет қызметкерлеріне жүктелетін үлкен жауапкершілік пен Елбасының жоғары сенім артуымен түсіндіріледі.
    Турнирге қызметтің әр құрылымынан жасақталған 15 команда қатысты. Қызметкерлердің жауынгерлік және спорттық дайындықтарына Мемлекеттік күзет қызметінің басшылары мен құзырлы қызметкерлері қазылық етті.
    «Оққағар» турнирі – Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің шынайы ұрысқа теңестірілген жағдайда  жаяу ілесіп жүрудің тактикасы мен техникасы, арнайы кедергілер алабы, түрлі жағдайдағы шабуылға тойтарыс беру және өзін-өзі қорғаудың тәсілдерін қолдану арқылы жиналған тәжірибиелері мен біліктіліктерін шыңдайтын ең тиімді тәсіл.
    «Турнирге қатысушылар сайыстың барлық талаптарын сәтті орындап шықты. «Барлық командалар жоғары деңгейдегі кәсіби дайындықтарын, рух пен командалық бірлік, өз ісіне деген адалдық  деген сияқты қасиеттерін жақсы көрсете білді. Бұл дегеніміз сайыстың негізгі ой-мақсатына, өз мәресіне сәтті жетті деген сөз» - деп қорытындалады, Қызмет басшысы генерал-майор А.Күреңбеков турнирдің жабылу рәсімінде.
    «Оққағар-2015» турнирі жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпадарды мараппаттау мен барлық қатысушыларға сыйлықтарды табыстаумен аяқталды.