Құрметті әріптестер, офицерлер, сержанттар!

foto21.jpg

21 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрылғанына бір жыл толады. Дәл бір жыл бұрын екі элиталық қуатты құрылым болып табылған Президент Күзет қызметі мен Республикалық ұланның бірігуі туралы Жарлыққа қол қойылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан Мемлекеттік күзет қызметінің Туы мен Президенттік полктердің жауынгерлік жалауларын қабыл алып, біз осы екі ведомствоның даңқты дәстүрін жалғастырып, Мемлекеттік күзет қызметінің даму тарихында жаңа кезеңді бастап отырмыз.

Қазіргі таңда Мемлекеттік күзет қызметі Мемлекет басшысының және өзге де күзетілетін адамдардың қауіпсіздігіне төнетін қатерлерге тиімді төтеп бере алатын және техникалық құралдар мен қару-жарақтың заманауи түрлерімен жабдықталған қуатты жауынгерлік ведомство болып табылады.

Күзет іс-шараларын жүзеге асыру кезінде алдыңғы шепте тұрған және күзетілетін адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін өз өмірін әрдайым құрбан етуге даяр болған Қызмет қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жоғары кәсіби шеберлігі күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін, олардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша Елбасының барлық дерлік тапсырмаларын Қызмет жоғары кәсіби деңгейде орындайды деп айтуға сенімділік береді. 

Сіздерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрылғанына 1 жыл толу мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге осы қиын да жауапты қызметте табыстар, Отанымыздың игілігі үшін мақсат еткен барлық нәтижелердің орындалуын, сіздерге және отбасыларыңызға береке мен бақыт тілеймін!

                                                                                                                                                       

Қазақстан Республикасы
   Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
генерал-майор А.Ж.  Күреңбеков