Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі «Айбын» Президенттік полкінің Құрмет қарауылы мен оркестрі «Спасская башня» әскери-музыкалық фестивалінде өте жақсы өнер көрсетті. 2014 жылы Мәскеу қаласында 10 мемлекеттен 1500 әскери музыканттар жиналды. «Спасская башня» - әлемнің ең әсерлі әскери-музыкалық іс-шараларының бірі.