12 мен 13 қараша аралығында алғаш рет Қазақстан Республикасы Президент күніне орай «Дәулет» спорт кешенінде  ерлер арасында жекпе-жектен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Бас қолбасшысының кубогына I-ші республикалық ашық турнирі өтті.
Жарысқа республиканың әр өңірінен және күштік құрылымдардан  жасақталған 25 команда сынға түсіп, мықтыларды анықтайтын болады.  Үздік командалар 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90 және 90 келіден жоғары 9 түрлі салмақ дәрежесінде анықталады.Турнирге қатысқан спортшылар қатарында 1 еңбегі сіңген спорт шебері, 9 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, 37 спорт шеберімен, түрлі чемпионаттардың жүлдегерлері бар.
Турнир «Жекпе-жек сайыстан бүкілқазақстандық қауымдастық» пен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі  спорт және дене шынықтыру комитетімен бірлесіп ұйымдастырылып отыр.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Бүкілқазақстандық жекпе-жек күрес қауымдастығының Президенті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы генерал-майор Күреңбеков Амантай Жәңкеұлы мемлекеттік күштік құрылым басшылары мен еліміздің  түрлі спорттық қауымдастықтарынан жиналған қонақтарды құрметтеп, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі. Қауымдастық Президенті А. Күреңбеков бүгінгі таңда күннен күнге жастар арасында қолданбалы әскери спорт түрлеріне, соның ішінде әсіресе жекпе-жек күреске деген қызығушылықтың артып келе жатқандығын тілге тиек ете отырып, дәстүрлі турнирге айналатындығына сенім білдірді.
Сондай-ақ, көрермен қауым Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі мен Құрмет Қарауыл ротасы дайындаған концерттік бағдарлама мен МКҚ қызметкерлерінің жекпе-жек әдістерін қолданудағышеберліктерін тамашалады.
Екі күндік бәсекелестік қыза түскен жарыс барысында көрермен қауым қызықты сайысты тамашалап қана қоймай, әрі отандық спортшылардың кәсіби шеберлігіне тамсанды. Дода нәтижесі бойынша еліміздің үздік деп танылған командасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бәсекелі сайыста мықтылардың бірі болып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі командасы екінші орынды иеленді. Ал, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы үшінші орынға ие болды. Үздіктердің қатарын «Үздік бапкер» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі командасының бапкері А.Аманбаев және «Жеңіске деген ынта-жігері үшін» номинациясы бойынша Атырау облысы командасының мүшесі Е.Қожахметов қорытындылады.