Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде «Сары арқа» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы салтанатты түрде Біріккен араб әмірлігінде өткен бразилиялық джиу-джитсудан әлем чемпионатына қатысқан Қазақстан құрама командасының спортшыларына құрмет көрсетіп, алғыс хаттарын табыстады.

17 мен 24 сәуір аралығында Абу-Даби қаласында (БАӘ) кәсіпқойлар арасындағы джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Әлемдік деңгейдегі спорттық шараға 100 елден 5000 спортшы қатысты. Қазақстанның абыройын чемпионатта Қазақстанның құрама командасы қорғап, нәтижесінде 51 медальге қол жеткізді.  Әлемдік рейтингтер бойынша сайыстың алғашқы күндері Қазақстанның құрама командасы бірінші үштіктің қатарында бой көрсетті.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері Роман Төреханов 94 келіге дейінгі кәсіпқойлар арасында өткен сайыстың жеңімпазы атанып,  бразилиялық джиу-джитсудан әлем чемпионы және абсолюттті әлем чемпионы атағына ие болды.

Анықтама:: Бразильиялық джиу-джитсу (порт.Jiu-JitsuBrasileiro) – жауынгерлік өнер және халықаралық спорттық жекпе-жек. Негізінен джиу-джитсудегі жекпе-жек партерлік, және ауыр соққылар мен тұншықтыру әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл өнер ХХ ғасырдың бастапқы кезеңінде көптеген жапондық (рю) мектептерінде қалыптасқан Кодокан дзюдосынан бастау алып, өзіндік жеке жүйе ретінде 1882 жылдардан   таныла бастайды.