Жекпе-жек сайысынан Қазақстанның Ұлттық құрама командасы ерлер мен әйелдер арасында Чех Республикасының Брно каласында өткен Еуропа Чемпионатына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Чемпионаттың нәтижесі бойынша Қазақстанның құрама командасы жеңіп алған жүлделер саны бойынша бірінші орынға шықты. Құрама команда қанжығасына 5 алтын, 8 күміс және 1 қола медальді байлап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Жалпы Чемпионатқа  Армения, Белорусия, Германия, Румыния, Ресей, Молдова, Польша және Чехия мемлекеттерінің 10 құрама командалары қатысты.

Қазақстанның Ұлттық құрамасы еліміздің күштік құрылым қызметкерлері мен өңірлердегі федерациялардың спортшыларынан жасақталды.  

Чемпионатта 90 кг. және 90 кг. аса салмақ дәрежесі бойынша алтын медальді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері Абзалиев Олжас пен Үстембаев Данияр иеленді. Сондай-ақ, үздіктердің қатарынан көрініп, 75 кг. салмақ дәрежесі бойынша күміс жүлдеге қол жеткізген әріптестері Мұқашев Аслан болса, 80 кг. салмақ дәрежесіндегі күміс медальді Мұхамбаев Руслан қанжығасына байлады.