11-12 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде жыл сайынғы «Оққағар-2016» қызметтік турнирі өтті.

«Оққағар» турнирінің басты мақсаты ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады. Бүгінгі күні Қызмет екі ведомствоның даңқты дәстүрін жалғастыра отырып, ең қуатты күштік құрылымға айналды. Сол себептен де сайыстың тапсырмалары жетілдіріліп, талаптар қатаңдатылды. Қызметкерлер мен «Айбын» және «Батыр» әскери полктың әскери қызметшілеріне қойылатын талап теңестіріліп, олардың кәсіби дайындықтарына аса мән бірілуде.

Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы генерал-лейтенант Амантай Жәңкеұлы Күреңбеков турнирдің салтанатты ашылу рәсіміндегі алғы сөзінде күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса жауапты іс екендігін алға тартты. Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қаматамсыз ету үшін ең бастысы кәсіби тұрғыдан әбден машықтану, дер кезінде дұрыс шешім қабылдай білу және әрекет етіп, жағдайды алдын ала болжай білу қажет екендігін айта кетті. Сондай-ақ, Қызмет басшысы биыл Қызмет қызметкерлерінің түрлі халықаралық спорттық жарыстарда жеткен жетістіктерін тілге тиек етті.

Турнирге қызметтің әр құрылымынан жасақталған 14 команда қатысты. Қызметкерлердің жауынгерлік және спорттық дайындықтарына Мемлекеттік күзет қызметінің басшылары мен құзырлы қызметкерлері қазылық етті. 

«Оққағар» турнирі – Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің шынайы ұрысқа теңестірілген жағдайда жаяу ілесіп жүрудің тактикасы мен техникасы, арнайы кедергілер алабы, түрлі жағдайдағы шабуылға тойтарыс беру және өзін-өзі қорғаудың тәсілдерін қолдану арқылы жиналған тәжірибиелері мен біліктіліктерін шыңдайтын ең тиімді тәсіл.

«Турнирге қатысушылар сайыстың барлық талаптарын сәтті орындап шықты. «Барлық командалар жоғары деңгейдегі кәсіби дайындықтарын, рух пен командалық бірлік, өз ісіне адалдық сияқты қасиеттерін жақсы көрсете білді. Бұл дегеніміз сайыстың негізгі мақсаты орындалды деген сөз» - деп, қорытындалады сөзін Қызмет басшысы турнирдің жабылу рәсімінде.

«Оққағар-2016» турнирі жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздарды мараппаттаумен және барлық қатысушыларға сыйлықтарды табыстаумен аяқталды.