2016 жылдың 27 тамызы мен 4 қыркүйегі аралығында Мәскеуде "Спасск мұнарасы" (Спасская башня) Халықаралық әскери-музыкалық фестивалі өтеді. Қалыптасқан дәстүр бойынша фестивальде Қазақстанның абыройын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет Қызметінің  Президенттік оркестрі мен Құрмет қарауыл ротасы қорғамақ.

"Спасск мұнарасы" фестивалі - түрлі мемлекет басшыларының құрмет қарауылдары мен үздік деп танылған әскери - оркестрлық шығармашылық ұжымдарды бір арнаға тоғыстыратын мәдени шара.

2009 жылдан бастап Мемлекеттік күзет қызметінің Құрмет қарауыл ротасы және Президенттік оркестрі фестивальдің арнайы қонағы ретінде Қызыл алаңда үздіксіз өнер көрсетіп келеді. Плац-концертте екпінді әуенімен, сымдай тартылып сап түзеген әскери қызметшілердің қарумен күрделі элементтерді көрсетудегі шеберліктері мен біліктіліктері, қайсарлықтары мен қуаттылығы халықаралық әріптестерді таңдай қақтырып, мәскеулік көрерменнің көзайымына айналды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауының арқасында Президенттік оркестр өзінің әскери-қызметтік біліктілігін арттырып қана қоймай, әлемдік аренада ел абыройын асқақтатып, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік алып отыр.

Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілеріЕлбасы тарапынан көрсетілген сенімді үлкен жауапкершілік ретінде қабылдай отырып, халықаралық фестивальде ел намысын қорғауғабар күш-жігерлерін жұмсауда.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері жыл сайын музыкалық репертуарын фестивальге арнайы дайындайды. Бағдарламаны әзірлеу барысында Қызмет басшылығы жан-жақтылық танытып, тіпті биылғы жыл Ресейде "Кино жылы" екендігін ескерді.

Көрсетілімнің бірінші бөлімі әйгілі "Игра престолов" телехикаясының саундтрек әуенімен сүйемелденіп, Қызыл алаңға сымдай тартылған сымбатты да қуатты Құрмет қарауыл ротасының сарбаздары шығып, салтанатты маршты мінсіз орындап шықты. Ал оркестрдің екпінді тобы болса, нақышына келтіре орындалған әуендерімен әскери қызметшілердің дефиле көрсетілімін жандандыра түсті. Жиналған қауымның зор ықыласына бөленген сәт Президенттік оркестр солистері Айым Қоғамова мен Мейрамбек Қарағандының орындауындағы 90 жылдары аса танымал болған«2 Unlimited» тобының «No limit» әнін орындау барысы болды.

Фестиваль бағдарламасының екінші әрі ең негізгі қойылымының шымылдығын көпшіліктің сүйікті кинофильміне айналған«Иван Васильевич меняет профессию» фильмінен алынған музыкалық композициясы болды. Оның орындалуы барысындаҚұрмет қарауыл ротасының сарбаздары "МФ", яғни "Мосфильм" деген ұғымды білдіретін әріптердің көрінісін шығарды. Ал жанды дауыста дыбыстылған фильмнің әзілді сөз орамдары жиналған қауымның көңілінбір серпіп тастады.

Президенттік оркестрдің солисі Әлібек Ізбасаровтың орындауындағы «Маруся» әні аталған кинофильм тақырыбының тамаша қорытындысы болды.

«DjSmаsh» және «Винтаж» тобының «Москва» әні қазақстандық музыканттардың мәскеулік көрермендерге жасаған ерекше тартуы ретінде орындалды.

 Көзтартарлық қойылымдар, динамикалық музыка мен білікті оркестр осының барлығы фестиваль бағдарламасында ерекше үйлесім тауып, ел абыройын асқақтата түсті.

Мәскеу қаласының қала күніне және "Кино жылына" орай арналған мерекелік шаралар шеңберінде Президенттік оркестр астананың бірқатар саябақтарында өнер көрсетіп, қала тұрғындарына өзіндік сый жасады.

 

Анықтама:

Фестиваль биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Фестивальге Австрия, Греция, Ресей, Беларусь, Италия, Моңғолия, Израиль, Сингапур, Словения, Жапониядан келген әскери оркестрлер қатысады.«Спасская башня» фестивалінің тарихи жылнамасында 40 жуық мемлекеттің 140 музыкалық ұжымдары өнер көрсетіпті. Аталған фестивальді Ресейдің ең ірі халықаралық мәдени жобасы деп айтуға толық негіз бар.  

Президенттік оркестрдің бастығы - подполковник Талғат Бердығұлов, П.И.Чайковского атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының әскери-дирижерлық факультетінің түлегі, бүкілодақтық конкурстардың лауреаты,«Елім менің» атты алғашқы республикалық патриоттық әндер конкурсының лауреаты, үрмелі аспаптар оркестрі партитураларының авторы, Қазақстан Республикасы Әнұраны аранжировкасының авторы.