Корея Республикасының Чхонджу қаласында кикбоксингтен  К-1 Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионатқа 13 мемлекеттің құрама командалары қатысты, олардың қатарында: Қытай Халық Республикасы, Жапония, Корея, Иран, Ирак, Үндістан, Таиланд, Пәкістан бар.

Қазақстан Республикасының құрама командасының қатарында жоғарғы салмақта (91 кг. дейінгі салмақта) өнер көрсеткен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» Президенттік полкінің әскери қызметшісі Ерсұлтан Бекенов жеңіс тұғырынан көрініп, Азия Чемпионы атағына ие болды.

Сондай-ақ, халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша Е. Бекенов кикбоксингтен спорт шебері мәртебесіне ие болды.