Ресей Федерациясының Анапа каласында 21 мен 26 қыркүйек аралығында өткен кикбоксингтен Әлем Кубогында Қазақстан Републикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері Қазақстанның Ұлттық құрамасының қанжығасына 1 күміс және 1 қола медальді байлап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Әлем Кубогына Оңтүстік Африка, Маврикий, Индия, Эстония, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен, жалпы алғанда 29 мемлекеттің командалары қатысты.

Сайыста 91 кг. дейінгі салмақ дәрежесі бойынша фулл-түйістіру (кикбоксинг түрі, аяқпен және қолмен соққы берудегі жұмсалатын күштің шексіздігі) сынағында күміс медальді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері аға лейтенант Әбдірахманов Айдын иеленсе, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің "Айбын" Президенттік полкінің қатардағы жауынгері Тұманов Сапар 75 кг. дейінгі салмақта қола меділін жеңіп алды.