Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі өзінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби деңгейін арттыру ісінде жаңа кезеңді бастап жатыр. Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің жанында Мемлекеттік күзет қызметінің салалық факультеті жұмысын бастайды. Бұл әскери кадрларды, атап айтсақ, әскери іс пен қауіпсіздік магистрлеріндаярлау жүйесіндегі маңызды бастама Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың Ұлттық қорғаныс университетінің қорын тиімді пайдалану жөнінде берген тапсырмасын орындауға бағытталған.