2017 жылғы 27 қыркүйекте Астана қаласындағы «Тілеп Қобыз сарайында» Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен «Тіл шебері-2017» жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы  республикалық байқау өтті. 

Аталған іс-шара үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға барлық мемлекеттік органдардың орталық аппаратының және құқық қорғау органдары мен қуатты құрылымдарының 18 қызметкері қатысты.

Байқаудағы 1-орынды Мемлекеттік күзет қызметінің күзет офицері лейтенант Абдраманова Гүлжайна Нұржанқызы жеңіп алды, сыйлыққа 200 000 теңге сертификаты берілді.