2019 жылғы 25 мамыр – Қазақстан Ре¬спубликасы Мемлекеттік күзет қызметі «Батыр» Президенттік полкі» 0111 әскери бөлімінің офицерлері үшін алаңдайтын күн болғанына қарамастан, өте қуанышты күн. Жаңа толымдаулар Әскери ант қабылдайды.
Біздің республикамыздың барлық өңірлерінен әскери қызмет өткеру және Отан алдындағы конституциялық борышын орындау үшін шақырылған жастар үшін бұл ерекше, нағыз мереке күні, оны өмір бойы есте сақтайды.
Трибунада көптеген қонақтар жиналған: жас сарбаздарды осы атаулы күн¬мен құттықтау үшін әдейі келген олардың әжелері мен аталары, әке-шешелері, жас сарбаздардың достары мен сүйікті қыздары.
Сарбаздар салтанатты адыммен, айқын және сенімді түрде саптық алаңға қонақтардың алдына шықты. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Объектілерді қорғау қызметінің бастығы генерал-лей¬тенант Аюбаев Мұхтар Ақатұлы «Әскери ант қабылдауға кірісіңдер!» - деп, команда берді. Саптың ортасына шығып, сарбаздар өздерінің жолдастарының, командирлерінің, туыстарының және жақындарының алдында мақтанышты түрде: «Қазақстан халқы мен оның заңды түрде сайланған Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің егемен мемлекетімнің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант ертемін.
Өзіме жүктелген міндеттерді, әскери жарғыларды және командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға, әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеруге ант етемін. Әскери істі дәйекті оқып-үйренуге, әскери және халық мүлкін мұқият ұстауға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға ант етемін.
Мен өз Отанымның, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға ант етемін.
Егер мен өзім қабылдаған әскери антымды бұзсам, онда мені Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қатаң жазаны кешуге әзірмін!» деген өсиетті сөздерді айтты.
Жас толымдауларды генерал-лейтенант Аюбаев М.А. осы маңызды оқиғамен құттықтады. Ол жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігі, бейбіт өмір сүруі және тыныштығы сарбаздардың өз міндеттерін атқаруына байланысты болатынын атап өтті. Қазақстанның болашағы Сіздердің білім-деріңізге, күш-қуаттарыңыз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты болатынын есте сақтауларыңыз керек.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Ардагерлер одағының төрағасы Тухтамов Руслан Рашидұлы сарбаздарға батасын беріп, әскери қызметшілерді Конституцияны, елдің заңдарын қастерлеп сақтауға, сондай-ақ күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті адал атқаруға шақырды.
Өз кезегінде шақыру бойынша әскери қызметшілер қонақтарға өте аз уақытта меңгерген дағды-машықтарын, қарумен және қарусыз саптық амалдардың элементтерін көрсетіп, қонақтарға әскери ортада бейімделгенін дәлелдеп, осындай шараға дайындалып келгенін паш етіп салтанатты маршпен өтті.
«Біз бір ай бойы осы күнге дайындалдық. Осы күн біздің жүрегімізде және әрқайсымыз үшін өте атаулы күн болып қалады. Өйткені, Ант өмірде бір-ақ рет қабылданады. Туған күннің өзі жылда болса, ант өмірімізде бір-ақ рет немесе ешқашан болмайды» - деді әскер¬ге шақырылушы Жандыбек Балымбетов.
Мемлекеттік күзет қызметінің бөліміндегі бір жылғы әскери қызмет жастардың өмірінде маңызды кезең болып қалады, осы уақытта олар білім, тәжірибе алады және есейеді, ал ең бастысы – олар Отан алдындағы өзінің конституциялық борышын орындайды.