Осы күндері қыркүйек айының 5 мен 13-і аралығында Мәскеу қаласында халықаралық «Спасская башня» әскери-музыкалық фестивалі өтуде. Фестивалдің ашылу рәсімінде  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» полкінің құрмет қарауыл ротасы мен Президенттік үрмелі оркестрі «Абылай хан» композициясының сүйемелдеуімен салтанатты шеруді бастап, жоғары дәрежеде өнер көрсетті. «Абылай хан» музыкалық шығармасы Қызметтің өзіндік ерекшелігі, әрі бұл шығарманың авторы Президенттік оркестрдің бастығы, дирижер, бірқатар республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының әскери-дирижерлық факультетінің түлегі, полковник Талғат Бердіғұлов.
Фестивальдің биылғы тақырыбы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған. Сонымен қатар, Қызметтің музыкалық ұжымы Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына орай арнайы бағдарламасын да әзірлеген болатын. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» полкінің құрмет қарауыл ротасы мен Президенттік үрмелі оркестрі музыканттарының шеберлігі және таңдалынған репертуары, соның ішінде халық әндері мен көпшліктің сүйіп тыңдайтын «Moscow never sleeps» (Dj Smash), «Москва майская» (Братья Покрасс) шығармалардың орындалуы жылдағыдай Қызыл алаңға жиналған көрермен қауымның ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, біздің әскери музыканттар әнші Батырхан Шүкеновтің өнеріне тағзым ретінде «Солдат любви» әнін орындадады
«Спасская башня» фестивалі туралы
Сегізінші «Спасская башня» халықаралық әскери-музыкалық фестивалі Мәскеу қаласында Қызыл алаңда ағымдағы жылдың 5-13 қыркүйек аралығында өтеді.
Фестивальге 14 елдің үздік әскери оркестрлері, фольклорлық ұжым мен мемлекет басшыларының Құрмет қарауыл роталары қатысады. Биыл қатысушылардың қатарында Ұлыбритания, Греция, Бельгия, Қазақстан, Қытай, Жапония  және т.б. елдер бар. Фестивальдің биылғы жылғы құрметті қонағы француз әншісі Мирей Матье.
Фестиваль соңында Қызыл алаңға барлық қатысушылардан құралған құрама оркестр жасақталып (1500 жуық музыканттар), жарық сәулелі шоудың сүйемелдеуімен соңғы аккордттарды орындайды.