2015 жылғы 2 қазанда Астана қаласында Тұңғыш Президент атындағы конференц-залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі камералық музыка ансамблінің концерті болды.
Камералық музыка ансамблі – мемлекеттік протоколдық іс-шаралардың және ресми салтанаттардың музыкалық бөлігін қамтамасыз ету үшін құрылған Президенттік оркестрдің шығармашылық ұжымдардың бірі.
Камералық ансамбльдің репертуарында: классикалық музыка, қазақстандық, шетелдік авторлардың танымал шығармалары, әлем халықтарының музыкасы бар.
Концерттік бағдарламада камералық ансамбльдің солистері А.Серікбаевтың «Шалқыма»; М.де Бельяның «Испан биі» - халықаралық конкурстың лауреаты А.Ерғалиевтің орындауында, Р.Диенс «Tango in Skay» - халықаралық конкурстардың лауреаты Ж.Сапаров, А. Сокольская, К, Кәрібаев, А. Пьяцолла «Ночной Буэнос-Айрес» - халықаралық конкурстың лауреаты Ж. Сапарғалиева, Т. Альбиони «Адажио», К. Дженкинс «Палладио» -халықаралық конкурстың лауреаты Б. Қалиева, Л. Армстронг «Go down Moses - халықаралық конкурстың лауреаты О. Алтынбекова және т.б. белгілі шығармаларды орындап, көрермен қауыммен өнерлерімен бөлісті.
Салтанатты кеште Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрі солистерінің Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері А. Балажанова мен К. Төленбаеваның, сондай-ақ Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген әртісі Ж.Бақтайдың орындауындағы шығармалар шырқалды.
Шығармашылық ұжымның жұмысына Мемлекет Басшысы, сондай-ақ әр елден келген құрметті қонақтар әрдайым жоғары баға беруде. Қазіргі күні ансамбльдің құрамында еліміздің талантты жастары өздерінің шеберліктерін шыңдап жүр. Олардың қатарында халықаралық конкурстардың лауреаттары Эльмира Ережепова, Жәмилә Қанафина, Алиса Шалова, Оралхан Алтынбеков, Маржаннұр Макибаева, Еңлік Қасымбекова.
Камералық музыка ансамблінің жетекшісі – Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының түлегі, республикалық жас орындаушыларконкурсының лауреаты Арман Мамырбаев.
Әр жылдары «Prima Vera» камералық музыка ансамблінде таланты музыканттар, өнер иелері - Б. Мұсаходжаева, К. Жолдыбаев, Н. Өнербаев, А. Аюпова, И. Ахметова, Ж. Бақтай, Э. Құрманғалиев, М. Чалабаев, Ж. Жұмағалиев жұмыс істеді.
Президенттік оркестр республикамыздың мәдени және музыкалық өміріне белсене араласып, халықаралық аренада Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген ұжымдардың қатарында. Оркестрдің әртістері ТМД елдерінің, Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Түркия, Австрия, Бельгия, Малазия, Мысыр, Үндістан және әлемнің басқа да елдерінің сахналарында өнер көрсетті.
Барлық іс-шараларда Президенттік оркестр жоғары кәсіби шеберлікті, музыкалық аспаптардың барлық түрлерінде шебер ойнайтынын көрсетіп жүр.
2006 жылдан бері Президенттік оркестрге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», аранжировщик-инструментовщик, П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы Әскери-дирижерлік факультетінің түлегі, бүкілодақтық конкурстардың лауреаты, «Елім менің» атты патриоттық әндердің бірінші республикалық конкурсының лауреаты, үрмелі аспаптар оркестріне арналған партитураның авторы, Мемлекеттік әнұран аранжировкасының авторы, полковник Талғат Бердіғұлов  басшылық жасайды.