2015 жылы 28 қараша күні сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Алматы қаласында «Астана» алаңында (ескі алаң) Мемлекеттік күзет қызметінің «Күз – 2015» маусымы бойынша әскери борышын өтеуге шақырылған сарбаздардың салтанатты ант беру рәсімі өтеді.
Ант беру рәсімі әскери қызметтің ең маңызды сатысы. Әскери қызметшілердің Отанға деген сүйіспеншілігі мен Қазақстан Республикасының Президентіне деген адалдығын айқындайтын патриоттық мәні зор салтанатты шара.
Шараға Мемлекеттік күзет қызметінің басшылығы мен Алматы қаласының әкімі Б. Байбек және сарбаздардың туған-туыстары қатысады.
Әскер қатарына жаңа қосылған солдаттар қарумен және қарусыз саптық амал-тәсілдерді қолдану шеберліктерін көпшілік назарына ұсынады.
Салтанатты шара құрмет қарауыл ротасының және Президенттік оркестрдің дайындаған плац-концертімен жалғаспақ. Айта кететін жәйт, әскери дефиле Мемлекеттік күзет қызметін әскери қызметшілерінің кәсіби біліктіліктерін көрсететін ерекше қойылым. Себебі, дәл осы дефиле барысында сарбаздар саптық дайындықтың және қаруды қолданудың асқан шеберлері екендігін айқындай түседі.