Баспасөз-релиз

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің
Президентттік оркестрінің
"Солистер шеруі" концерті

Күні: 23 ақпан 2016 ж.
Уақыты: сағат 17:00
Өтетін орны: Астана қ. Қазақ Ұлттық өнер университетінің
Жамбыл Жабаев атындағы концерт залы

Қазақ Ұлттық өнер университетінің Жамбыл Жабаев атындағы концерт залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің жанындағы үрмелі оркестрінің "Солистер шеруі" атты концерті өтеді.
Концерттік бағдарламада үрмелі оркестрге бейімделген инструменталды, этникалық сарындағы эстрадалық, классикалық әуендердің үйлесімді синтезі көрініс тапты.
XIX-XX ғасырлардың классикалық әуендері мен бүгінгі заманауи әндер, кинофильмдерге арнайы жазылған саундтректер, әуезді домбыра мен шаң-қобыздың үні  көрермен жүректерін тебірентпей қоймасы анық.
Концерттік бағдарлама барысында алғаш рет Президенттік оркестрінің үрмелі оркестрінің орындауында композитор Олжас Сүлейменовтың "East & West" тың форматта арнайы домбыра мен үрмелі оркестрге негізделіп жазылған туындысының тұсаукесері болады.
Концертті ұйымдастырушылар Президенттік оркестрінің солистері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Жанат Жақаев (валторна), Глеб Паныч (труба), Әлібек Ізбасаров (вокал),  Олжас Сүлейменов (домбыра), Ербол Мұхамедиев (домбыра), Марат Хайрушев (саз-сырнай, шаң-қобыз), Аслан Ашанов (кахон), Досымжан Таңатаров (вокал), Салтанат Дәулетханова (вокал), Гүлден Әділбекова (вокал) әсем ән мен тәтті күй орындап, кеш қонақтарына шығармашылық шабыт мен риясыз көңіл күй сыйлайтындарына сенімді.  
Президенттік оркестрдің бастығы әрі шығармашылық жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері полковник Талғат Бердіғұлов.
Дирижері әрі Президенттік оркестрдің үрмелі оркестрінің бастығы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері подполковник Тілек Ерғалиев.
Президенттік оркестрдің үрмелі оркестрінің құрамында түрлі музыкалық оқу орындарының түлектері, соның ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының, Гнессин атындағы РМА, Глинка атындағы НМК бар.
Сонымен қатар, кештің арнайы қонағы танымал әнші Рүстем Нұржігіт көрермендерді көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндерімен қуантпақ.

Концерттік бағдарламада:

Р. Штраус валторна үшін  оркестрмен біріккен концерт №1 I -бөлім
А.Сандовал "Вечер в Гаване"
Ernesto Lecouna  "Malaguena"
Leslie Bricusse & George Newley "I'm feeling good"
Олжас Сүлейменов "East & West"
Adele Atkins "Skyfall" және "Rolling in the deep"

Мәлімет үшін: Президенттік оркестрдің үрмелі оркестрінің негізгі мақсаты мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін  протоколды ресми іс-шараларға музыкалық қолдау көрсету. Сонымен қатар, аталған шығармашылық ұжым белсенді түрде концерттік бағдарламарды ұйымдастырумен айналысады.
Т. Бердіғұловтың басқаруымен Президенттік оркестр ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетіп, еліміз бен шет елдерде өздерін жоғары білікті музыкалық ұжым ретінде таныта білді.
Мәселен, 2009 жылдан бастап Мәскеу қаласында өтетін жыл сайынғы халықаралық әскери-музыкалық "Спасская башня" фестивалінің тұрақты қатысушысы ғана болып қоймай, жыл сайын көрермен қауымның ерекше ықыласына бөленуде. 2014 жылы бұл ұжым  Йордания королін қарсы алу салтанатына музыкалық қолдау көрсету үшін Бахрейн Корольдігінің арнайы шақыртуын алған болатын.
Президенттік оркестрдің үрмелі оркестрі Тәуелсіздік алаңында өткен ҚР Қарулы Күштерінің қатысуымен өткен салтанатты шеруді бастады. 2014 жылы Отан қорғаушылар күніне арналған, 2015 жылы Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты шерулердегі құрама орестрдің көшін бастады. Құрама оркестрді басқару Президенттік оркестрдің бастығы, полковник Т. Бердіғұловқа бұйырған болатын.
2009 жылдан бастап Президенттік оркестрдің үрмелі оркестрінің бастығы болып ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мәскеу консерваториясы жанындағы Әскери-дирижерлық факультеттің түлегі подполковник Т.Ерғалиев тағайындалған болатын.