Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің концерті

Күні: 2016 жылғы 22 сәуірде
Уақыты: сағат 18:00-де
Өтетін жері: «Қазақстан»
Орталық концерт залы.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрылғанына 2 жыл толуына орай ҚР Мемлекеттік күзет қызметі еліміздің бас сахнасында өзінің концертін өткізеді.
Әрдайым қайталанбас репертуарымен таң қалдарып келген ҚР МКҚ шығармашылық ұжымы осы жолы да өз тыңдармандарын Президенттік оркестр музыканттарының авторлығындағы жаңа туындыларымен қуантпақ.
Концертте тұсауы кесілетін туындылардың бірі «Ақберен» күйі. Композиция авторы ҚР МКҚ Президенттік оркестрі халықтық музыка ансамблінің домбырашысы, композитор Бақытжан Дүйсенғазиев. Мемлекет Басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауапты миссия жүктелген ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің күнделікті жұмысы авторға шабыт беріп,жаңа туындының жарық көруіне жол ашты.
«Ұлы дала» композицияның авторы - Президенттік оркестр халықтық музыка ансамблінің жетекші солисі, домбырашы Жандос Мұхтаров. Бұл күй 2015 жылы Қазақстандық атауларда «Ұлы дала елі» деген тіркесті қолдану туралы Мемлекет Басшысының идеясына қолдау білдіру ретінде туындаған. «Ұлы дала» атауы мен сарыны қазақ даласының шексіздігін, біздің Атамекеннің өткені мен бүгінгісін, болашағын көрсетеді. Осы күйдің сүйемелдеуімен Президенттік оркестрдің би ансамблі алғашқы рет Талантбек Шоруков пен Мәдина Әлиева-Шорукова жаңа қойылымын орындайды. Биші қыздар әр би қимылымен қазақ батырларының жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қаһармандығы мен ерліктерін жеткізеді.
Концертті Президенттік оркестр ән және эстрада ансамблінің бастығы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Жанат Шыбықбаев ашады. Ол үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен А.Есмұханның танымал шығармасы «Отаным» әнін орындайды. Үрмелі аспаптар оркестрінің дирижері «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»Тілек Ерғалиев.
Екі шығарманы да құрама оркестр мен домбырашылар ансамблінің орындайтынын атап өту керек. Олардың партитурасы аспаптар үшін жазылды және құрама оркестрге арналды, оны «Биг-Бэнд» джаз оркестрі, камералық және халықтық ансамблі керемет үйлесім тапты.
Құрама оркестрдің сүйемелдеуімен Президенттік оркестрдің солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ардақ Балажанованың, Досымжан Таңатаровтың, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Нұрболат Құсайыновтың, Қайбар Аллажардың, Әсел Мәдекешованың, Бибігүл Сауытованың, Айман Уданованың, Әлібек Ізбасаровтың, Гүлсаным Жұмағалиеваның және басқалардың орындауында отандық және шетелдік композиторлардың шығармалары шырқалады.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай Alessandro Safino репертуарынан «Luna tu» шығармасын орындайды.

Осы мерекелік кеште басқа да шетелдік композиторлардың шығармалары орындалады. Халықаралық конкурстардың лауреаты Ботагөз Қалиева мен «Байжан» тобының орындауында Avicii (Авичи) шығармасы «Wake me up». Джерри Херманның «Hello Dolly» шығармасын республикалық конкурстардың лауреаты Оралхан Алтынбеков орындайды
Үрмелі аспаптар оркестрі барабаншылармен бірлесіп халықтық әуендерден «дефиле» орындайды, онда өздерінің шеберліктері мен кәсібиліктерін көрсетеді. Музыканың, ырғақтың және әуеннің үйлесімді дыбысталуы барабандармен қосылып, тыңдаушылардың жан-дүниесін тебірентпей қоймайтынына сенім мол.
Мерекелік концертті М.Қасымбеков пен А.Мұхамедиұлының «Мақтанышым-Елбасым» шығармасы аяқтайды.

Анықтама:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі Қазақстанның протоколдық, мемлекеттік және өзге де салтанатты іс-шараларының музыкалық бөлігін қамтамасыз етеді. Ол әлемдік музыкалық мәдениеттің барлық жанрын фольклорлықтан бастап классикалық, академиялық музыка мен заманауи композиторлардың музыкаларын қамтитын шығармашылық ұжым болып табылады.
Мәдени және музыкалық өмірге белсені қатыса отырып, біздің республикада ғана емес, халықаралық музыкалық аренадаҚазақстанды ұсынады. Оркестрдің әртістері ТМД елдерінің, Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Түркия, Австрия, Бельгия, Малайзия, Египет, Үндістан, Германия, Бахрейн, Испания және әлемнің басқа да елдерінің сахналарында өнер көрсетті.
Барлық іс-шараларда Президенттік оркестр жоғары кәсіби деңгейде музыкалық аспаптардың барлық түрін шебер меңгергендіктерімен ерекшеленеді. көрсетті.
Президенттік оркестрдің бастығы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», полковник Бердіғұлов Талғат Айтжанұлы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган. Қызмет 2014 жылғы 21 сәуірде құрылған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы генерал-майор Күреңбеков Амантай Жанкеұлы.