Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

ҚР РҰ-дың бұрынғы қолбасшылары

ҚР РҰ-дың бұрынғы қолбасшылары

Генерал – майор Алтынбеков Сейілбек Алтынбекұлы

ҚР РҰ-дың бұрынғы қолбасшылары

«Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі. 1944 жылғы 15 маусымда Қызылорда облысының Сырдария ауданында дүниеге келген. В.И.Ленин атындағы Ташкент жалпы әскери училищесін (1967), М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген (1977). Ортаазиялық және Қиыршығыс әскери округтерінде қызмет атқарған. Взвод командирінен мотоатқыш дивизиясының командиріне дейінгі барлық лауазымдардан өтті.

ҚР Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары болды. ҚР ГКО төрағасының бірінші орынбасары – штаб бастығы, ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штабтың бастығы (1992 ж. наурыз - қараша), ҚР Республикалық ұланының қолбасшысы (1992 ж. қазан – 1993 ж. желтоқсан), ТЖА төрағасының орынбасары (1994 – 2000 жж.) лауазымдарын атқарды, 2000 ж. қарашада запасқа шығарылды. 2000 – 2005 жж. әр түрлі ЖШС-ның және ЖАҚ-тың бас директоры болып жұмыс істеген. 2005 – 2009 жж. «Қазақстан Темір жолы» арнайы басқармасының бастығы болды.

«Қызыл жұлдыз» орденімен және 20 медальмен марапатталған.
← Тізімге қайта оралу