Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

ҚР РҰ-дың бұрынғы қолбасшылары

ҚР РҰ-дың бұрынғы қолбасшылары

Генерал-майор Үмбетбаев Төлеген Әнуарбекұлы

ҚР РҰ-дың бұрынғы қолбасшылары

ҚР құрметті шекарашысы. 1948 жылы 8 шілдеде Ленинград қ. туылған. 1966 жылы Алматы қ. орта мектепті, 1970 жылы - Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК Жоғары шекаралық командалық училищесін бітірді. Қызметті КСРО МҚК Краснознаменск Шығыс шекарасы округінде (КШШО) өткерген. 1976 – 1979 жж. М.В. Фрунзе ат. Әскери академияда оқыған.

1980 және 1984 жж. Ауғанстан Демократиялық Республикасына қызметтік іссапарларға барған. 1985 – 1990 жж. Үшарал шекаралық отрядының бастығы, КШШО қолбасшысының орынбасары болған. 1990-1992 жж. Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Бас штабы академиясында оқыған, оны бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасының Шекара әскері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы лауазымына тағайындалды. 1993 – 1995 жж. ҚР Республикалық ұланының қолбасшысы, 1995 – 1996 жж. мемлекеттік шекараны күзету бойынша ҚР Мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары – штаб бастығы болып қызмет атқарған. 1996 – 2003 жж. Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігінің әскери атташесі, Ресей Федерациясындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жедел тобының бастығы (өкілі). 2003 жылдан – ҚР ҰҚК органының ардагері.

Қарулы Күштерде Отанына қызмет еткені үшін Қызыл Жұлдыз ордендерімен, КСРО, Ауғанстан Демократиялық Республикасының, Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының 18 медальдарымен марапатталған.

 

← Тізімге қайта оралу