Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

ҚР РҰ-дың бұрынғы қолбасшылары

ҚР РҰ-дың бұрынғы қолбасшылары

Әділет генерал-майоры Ысқақов Болат Ғазизұлы

ҚР РҰ-дың бұрынғы қолбасшылары

КСРО ІІМ еңбегі сіңген қызметкер. ҚР ІІМ органының құрметті ардагері. «Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі. 1947 жылғы 9 ақпанда Талдықорған облысының Үштөбе қ. туылған. 1974 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1981 жылы – КСРО Ішкі істер министрлігінің Академиясын бітірген. Еңбек қызметін 1967 жылы Алматы облысының Қаскелең қ. орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. 1967 – 1970 ж.ж. Қарағанды қ. «Ленинуголь» тресті 39-шахта жұмысшысы.

Қарағанды Жоғарғы милиция мектебін бітіргеннен кейін Қарағанды облыстық атқару комитетінің ІІБ ҚІБ инспекторы және аға инспекторы болып жұмыс істеген. Содан кейін КСРО ІІМ Академиясының тыңдаушысы болып жіберіледі. ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің аға инспекторы, содан соң Кеңестік аудандық орындау комитеті ішкі істерінің жедел жұмысы бойынша бөлім бастығының орынбасары, Қарағанды облысы Шахтинск қалалық атқару комитеті ішкі істер бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 1985 жылы Қарағанды қалалық атқару комитетінің бастығы болып тағайындалды.

1991 жылы Алматы қ. ҚР ІІМ қоғамдық тәртіпті сақтау басқармасының бастығы лауазымына ауыстырылды. Сол жылы ҚР Үкіметінің тапсырысы бойынша бақылаушылар тобы құрамында Қазақстаннан Таулы Карабах пен армян-әзірбайжан шекарасының ұлтаралық шиеленісі аймағында жағдайды тұрақтандыру бойынша бітімгершілік миссиясына қатысты.

1992 жылы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына, 1995 жылы ҚР ІІМ Алматы Жоғары мектебінің бастығы болып тағайындалды. 1996 жылы Алматы және Жамбыл облыстары бойынша Мемлекеттік тергеу комитетінің басқарма бастығы болып жұмыс істеген. 1997 жылдан – ҚР ІІМ Алматы заң колледжінің бастығы. 2000 - 2002 жж. – ҚР Ішкі істер министрі – ҚР ішкі әскерінің қолбасшысы. 2002 жылғы қаңтардан 2006 жылға дейін – ҚР Республикалық ұланының қолбасшысы.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, КСРО және ҚР 24 медальдарымен марапатталған.
← Тізімге қайта оралу