Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

ҚР РҰ-дың бұрынғы қолбасшылары

ҚР РҰ-дың бұрынғы қолбасшылары

Генерал-лейтенант Жанасаев Болат Бақытжанұлы

ҚР РҰ-дың бұрынғы қолбасшылары

ҚР ІІМ еңбегі сіңірген жұмыскері. ҚР ҚК ардагері.1952 жылғы 29 сәуірде Ақтөбе облысының Темір қ. туылған. 1975 жылы И.С. Конев ат. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 1987 жылы – М.В. Фрунзе ат. Әскери академияны, 2002 жылы – «Құқықтану» мамандығы бойынша Абай ат. Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Қызметін 1975 жылы Германиядағы кеңес әскерлері тобының мотоатқыш взводының командирі, 1977 жылы – рота командирі, 1979 жылы – мотоатқыш батальоны командирінің орынбасары – штаб бастығы болып бастады, қызметті осы лауазымда Сібір әскери округінде жалғастырды. 1982 – 1984 жж. – мотоатқыш батальонының командирі. Әскери академияны аяқтағаннан кейін – Киев әскери округінің полкі командирінің орынбасары – штаб бастығы болды. 1989 жылы – орта Азия және Қазақстан бойынша КСРО ІІМ ІББ бригада командирінің орынбасары, 1990 жылы осы жерде – полк командирі, 1992 жылы - КСРО ІІМ ІББ бригадасының командирі.

1992 – 1994 ж.ж. – ҚР Жоғарғы Кеңесінің Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитеттің төрағасы, 1994 – 1995 жж. – ҚР Ішкі әскерлерінің қолбасшысы, 1995 жылдан – ҚР Ішкі әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары. 2001 – 2002 ж.ж. – ҚР Республикалық ұланының қолбасшысы,              2002 - 2003 ж.ж. – ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің қолбасшысы, 2003 – 2004 ж.ж. ҚР ҚК Шығыс әскери округінің қолбасшысы. 2004 – 2010 жж. – ҚР ТЖ вице-министрі, Қорғаныс министрінің орынбасары, ҚР Қорғаныс министрлігі Ұлттық университетінің бастығы.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, 17 медальмен марапатталған. ҚР Жоғарғы Кеңесі 12 және 13-шақырымының депутаты.

 

← Тізімге қайта оралу