Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

ҚР РҰ-дың бұрынғы қолбасшылары

ҚР РҰ-дың бұрынғы қолбасшылары

Генерал-лейтенант Тасболатов Абай Бөлекбайұлы

ҚР РҰ-дың бұрынғы қолбасшылары

Тарих ғылымының докторы, профессор. Ресей Федерациясы Әскери ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.1951 жылғы 21 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Николаевка ауылында дүниеге келген. 1973 жылы   И.С. Конев ат. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (АЖЖКУ), 1983 жылы - М.В. Фрунзе ат. Әскери акамедияны, 2000 жылы – Ресей Федерациясы Бас штабының Әскери академиясында жоғары академиялық курстарды бітірген.

Офицерлік қызметін АЖЖКУ курсанттар взводының командирі болып бастады, осы жерде курсанттар ротасының командирі, тактика кафедрасының оқытушысы, курсанттар батальонының командирі, тактика кафедрасының аға оқытушысы лауазымдарынан өтті. 1992 жылдан бастап он жыл көлемінде АЖЖКУ-ды басқарды, ол өз кезегінде 1997 жылы ҚР ҚК Әскери академиясына өзгертілді. 2002 жылы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, ал 2006 жылы ҚР Республикалық ұланының қолбасшысы болып тағайындалды, осы лауазымнан запасқа шығарылды.

2012 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Военная история Казахстана» кітабының, жедел-тактикалық бағыттағы 15-тен аса әзірлемелердің,     сондай-ақ монографиялар мен очерктердің авторы.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ІІІ дәрежелі «КСРО ҚК Отанына қызметі үшін», І дәрежелі «Ұлы Петр» ордендерімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.
← Тізімге қайта оралу