Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

ҚР МКҚ-ның бұрынғы бастықтары

ҚР МКҚ-ның бұрынғы бастықтары

Генерал-майор Оразқұлов Қанат Орынтайұлы

ҚР МКҚ-ның бұрынғы бастықтары

1970 жылғы 27 қарашада Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка ауылында туылған.

Екі жоғары білімі бар: Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық институтын, «орман шаруашылығы» мамандығы бойынша 1993 жылы аяқтаған, Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін, «құқықтану»  мамандығы бойынша 2002 жылы бітірген.

Ауыл шаруашылық институтын тәмамдаған соң Қанат Орынтайұлы, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласының орман шаруашылығында жұмысшы болып еңбек еткен. Үздік жас маман ретінде ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдарына қызмет өтеуге іріктелген.

Өзінің әскери карьерасын Қанат Орынтайұлы 1994 жылғы мамырда  Алматы облысы мен Алматы қаласы бойынша ҰҚКБ Фрунзе аудандық бөлімшесінде кіші жедел уәкіл болып бастаған. Медеу аудандық бөлімшесінің аға жедел уәкіліне дейін қызмет өткеріп, 1996 жылы аға лейтенант Оразқұлов Қ.О. аға жедел уәкіл, кейіннен Алматы қ. мен Алматы облысы бойынша ҰҚК басқармасының кадр бөлімінің жеке құрам мен өз қауіпсіздігі жөніндегі инспекцияның инспекторы болып тағайындалған.  

1997 жылғы қазанда Қанат Орынтайұлы ҚР Президенті Күзет қызметінің кадрларына қабылданып, кадр бөлімінің аға офицері лауазымын  атқарған. 1999 жылғы мамырда ҚР ПКҚ Алматы қ. 6-бөлімнің 2-бөлімшесін басқарды, ал 2001 жылғы маусымда сапарларды қамтамасыз ету департаментінің басқарма бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. Келесі жылы майор Оразқұлов Қ.О. осы департаменттің 1-басқармасының бастығы болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жеке күзетін қамтамасыз ету бөлімшесіне Қанат Орынтайұлы 2006 жылғы наурызда ауыстырылып, департамент бастығының орынбасары лауазымында әртүрлі күрделі міндеттерді атқарды.

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 309 жқ өкімімен полковник Оразқұлов Қ.О. Қызмет бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. 

2017 жылғы сәуірден бастап Қазақстан  Республикасы Президенті Іс басқармасының орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 23 мамырдағы  өкімімен генерал-майор Оразқұлов Қанат Орынтайұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. 

Оразқұлов Қанат Орынтайұлы әскери ерлік пен жігер «Қара берет»  нышанына ие, оған «1-сыныпты маман-тәлімгер» сыныптық біліктілігі берілген. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін  12 ведомстволық медальмен және «Елбасы қорғаны» төсбелгісімен марапатталған. Әскери және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны және осы ретте ерлік пен қайсарлық танытқаны үшін Қанат Орынтайұлы ҚР  Президентінің  2005 жылғы 25 тамыздағы Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

← Тізімге қайта оралу