Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

ҚР ПКҚ-ның бұрынғы бастықтары

ҚР ПКҚ-ның бұрынғы бастықтары

Генерал-майор Синицин Сергей Викторович

ҚР ПКҚ-ның бұрынғы бастықтары

ҚР Президенті Күзет қызметінің құрметті қызметкері. 1954 жылғы 6 қазанда Алматы қ. дүниеге келген. 1971 жылы орта мектепті аяқтағаннан кейін С.М. Киров атындағы машина жасау зауытында слесарь-таңбалаушы болып жұмыс істеген. 1978 жылы Қазақ ауылшаруалық институтын бітірді. 1978-1980 ж.ж. Ғылыми-зерттеу технологиялық институтының Орталық тәжірибе-конструкторлық бюросының Қазақ филиалында инженер-технолог болып жұмыс жасады (Алматы қ.).


1980 жылы мемлекеттік қауіпсіздік органына қызметке шақырылды. 1981 жылы КСРО МҚК Жоғарғы курстарын (Минск қ.) бітірген. 1981-1992 ж.ж. Қазақстанның МҚК аппаратында жедел уәкіл, аға жедел уәкіл, бөлімше бастығы лауазымдарында қызмет өткерген.

1992-2001 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің Бастығы, бірінші орынбасары және орынбасары. 2001 жылы ҚР ҰҚК запасына шығарылған.

«Құрмет» орденімен, КСРО және ҚР медальдарымен, ведомстволық төс белгілерімен наградталған.
← Тізімге қайта оралу