Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

ҚР ПКҚ-ның бұрынғы бастықтары

ҚР ПКҚ-ның бұрынғы бастықтары

Генерал-полковник Тоқпақбаев Сәт Бесімбайұлы

ҚР ПКҚ-ның бұрынғы бастықтары

«Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі. ҚР ПКҚ, ҚР ҰҚК құрметті қызметкері. 1939 жылғы 17 қыркүйекте Алматы облысының Іле ауданы «КазЦИК» колхозында туылған. Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін, Минскідегі КСРО МҚК мектебін және КСРО СІМ Жоғары дипломатиялық мектебін бітірген, қытай және ағылшын тілдерін біледі. Еңбек жолын 1956 жылы туылған жері бойынша бастап, Боралдай кірпіш зауытында жұмысшы болып жалғастырған.

1963 жылы ҚазМУ-ды аяқтағаннан кейін, прокуратура тергеушісі болып жұмыс атқарған. Сол жылы мемлекеттік қауіпсіздік органына қызметке шақырылды. Ұзақ жыл бойы барлау желісі бойынша жедел жұмыста, соның ішінде Елімізден тыс жерде жұмыс атқарды.

1986-1993 жж. Алматы облысы бойынша МҚК-ҰҚК басқарма бастығының орынбасары, республиканың ҰҚК орталық аппаратының басқарма бастығының орынбасары, Алматы қ. мен Алматы облысы бойынша ҰҚК басқарма бастығы лауазымдарында қызмет атқарған.

1993 жылы ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары, содан соң Төрағасы болып тағайындалды. 1995 жылы – ҚР Президенті Күзет қызметінің Бастығы, біруақытта – Республикалық ұланның қолбасшысы, 1999 жылы – ҚР Қорғаныс министрі, 2001 жылы – ҚР Президентінің кеңесшісі болды. Көп жылдар бойы ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болған.

2002 жылғы қыркүйектен отставкада. 2007-2011 жж. – ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты.

І дәрежелі «Даңқ», ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен, 24 медальмен, соның ішінде Ресейдің, Тәжікстанның және Қырғызстанның, сондай-ақ ведомстволық наградалармен наградталған.«Жылдың әскери адамы» конкурсының «Алтын Адам – Человек года» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды (2000 ж., 2001 ж.).

 

← Тізімге қайта оралу