Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

ҚР ПКҚ-ның бұрынғы бастықтары

ҚР ПКҚ-ның бұрынғы бастықтары

Генерал-лейтенант Баекенов Болат Әбдірахманұлы

ҚР ПКҚ-ның бұрынғы бастықтары

«Генералдар кеңесі» РҚБ Президиумының мүшесі. ҚР ПКҚ, ҚР ҰҚК құрметті қызметкері. Профессор. Сарань қаласының құрметті азаматы. 1942 жылғы 21 қарашада Гурьев қ. (қазіргі уақытта Атырау) әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген. В 1960 жылы Орал ауыл және орман шаруашылық механизациясының техникумын, Қарағанды педагогикалық институтын (1972), КСРО МҚК Жоғарғы мектебін бітірген. 1966-1973 жж. Комсомол және партиялық жұмыстарды атқарған. 1971 жылы Қарағанды обком комсомолының екінші хатшысы болып сайланған.

1973 жылы КСРО МҚК мектебінің басшылық құрамды дайындау курсына жіберіліп, оны аяқтаған соң Қарағанды облысы бойынша қарсы барлау басқармасының бөлім бастығының орынбасары болып тағайындалды. 1977-1980 ж.ж. Қазақстан Компартиясының Қарағанды обком әкімшілік органының бөлім меңгерушісі лауазымында жұмыс істеді.

1980-1982 жж. – Алматы облысы бойынша МҚК басқарма бастығының орынбасары. 1982-1985 жж. – КСРО МҚК Инспекторлық басқармасының аға инспекторы (Москва қ.), 1985-1987 жж. – Көкшетау қаласы бойынша МҚК басқармасының бастығы, 1986-1990 жж. – Қазақ СРО МҚК Төрағасының орынбасары, 1990-1991 жж. – Алматы облысы бойынша МҚК басқармасының бастығы.

1991 жылғы қазанда Қазақстан МҚК Төрағасы болып тағайындалды (1992 жылғы шілдеден – ҚР ҰҚК). ҚР дербес арнайы қызметінің қалыптасуы бойынша ұйымдастырушылық және практикалық жұмысты, оның іс-әрекетінің заңнамалық және нормативтік-құқықтық негізін құруды басқарған.

Содан кейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (1993-1994), ҚР Ішкі істер министрі (1994-1995), ҚР Президенті Күзет қызметінің Бастығы (1997-2001) лауазымдарын атқарған.

«Парасат», «Құрмет», «Ынтымақтастық жұлдызы», «Адал ниеттері мен істері үшін», «Сіңірген еңбегі үшін» ордендерімен, КСРО, ҚР және РФ 32 медальдарымен және айырым белгілерімен марапатталған.
← Тізімге қайта оралу