Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

ҚР ПКҚ-ның бұрынғы бастықтары

ҚР ПКҚ-ның бұрынғы бастықтары

Генерал-лейтенант Шабдарбаев Амангелді Смағұлұлы

ҚР ПКҚ-ның бұрынғы бастықтары

ҚР ПКҚ құрметті қызметкері.

1950 жылғы 1 тамызда Алматы облысының Қаскелең ауданы Абай ауылында дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар: педагогикалық және заң. Жастық шағында спортпен зор ықылас таныта шұғылданған, одан волейбол бойынша спорт шебері дәрежесіне жетіп, Еуропа кубогын екі рет жеңіп алған, «Буревестник» кәсіпқойлық командасында ойнаған.

Мерзімдік әскери қызметтен шығарылғаннан кейін МҚК кадрларына алынды. Өзінің қызметтік жолын жедел уәкіл лауазымынан бастады. 1981 жылы КСРО МҚК 9-басқармасына Қазақстан Компартиясының ОК бірінші хатшысы, КОКП ОК Саяси бюро мүшесі Д.А. Қонаевтың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне жіберілді.

Күзет қызметкерлерін атқарып отырған лауазымдарынан босатқаннан кейін 1992 жылы Алматы облысының Қаскелен қ. «Казнефтедорстрой» тресті бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

1992 жылы әскери қызметшілер қатарына қайта енді. 1995 жылы ҚР Мемлекеттік тергеу комитеті Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 1997 жылы ҚР ҰҚК «А» қызметін басқарды.

1997 жылы Мемлекеттік басшысының өкімі бойынша ҚР Президенті Күзет қызметіне оралып, Қызмет бастығының орынбасары лауазымына тағайындалады. 2002 жылы ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы болып тағайындалып, содан кейін ҚР ҰҚК Төрағасы лауазымына ауысады, содан соң ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. 2012-2013 жылдар аралығында – ҚР Республикалық ұланының қолбасшысы болды.

1-2-дәрежелі «Даңқ» және «Андропов» ордендерімен, КСРО, ҚР және ТМД    22 медальдарымен марапатталған, академик және профессор атақтарының иегері. 
← Тізімге қайта оралу