Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

ҚР МКҚ-ның бұрынғы бастықтары

ҚР МКҚ-ның бұрынғы бастықтары

Генерал-лейтенант Күреңбеков Амантай Жанкеұлы

ҚР МКҚ-ның бұрынғы бастықтары

ҚР Президенті Күзет қызметінің құрметті қызметкері. ҚР ІІМ еңбегі сіңген қайраткер. 1956 жылы 9 қарашада Алматы облысында туылған. 1973 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына түсіп, 1979 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. 1979 жылғы қарашадан 1981 жылғы қарашаға дейін ССРО Қарулы Күштерінің қатарында мерзімдік қызметін атқарған.

1982 жылғы қаңтардан 1983 жылғы ақпанға дейін Алматы қаласының Қазақ КСР Мемқұрылысының мемлекеттік құрылыс инспекциясы басқармасының инженері болып жұмыс істеген.

1983 жылы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің кадрларына қабылданған. 1984 жылы Минск қаласындағы МҚК КСРО жоғарғы курстарын аяқтаған соң, Қазақ КСР МҚК жедел лауазымдарында қызмет атқарған.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметі құрылғаннан бері аталған қызметтің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерін басқарған. 2001-2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.
2009-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымында болған.

2014 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 855 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы болып тағайындалды.

ІІ дәрежелі «Айбын» және «Даңқ» ордендерімен, «Қазақстан елбасы қорғаны» төсбелгісімен, ҚР Президентінің атынан және ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысынан алғыстармен, МҚК КСРО жиырма бес медалімен, грамотамен, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметі мен ҚР ІІМ Құрмет грамоталарымен марапатталған, Республика алдында сіңірген еңбегі мен ҚР Ішкі істер органдарында мінсіз қызметі үшін атаулы атыс қаруымен марапатталған..

«Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері» оқулықтың және «Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қолданысындағы терминдер мен ұғымдардың орысша-қазақша түсіндірме сөздігі» оқу-әдістемелік құралының авторлық ұжымының жетекшісі болып табылады.

Үйленген, үш ұлын тәрбиелеп отыр. .

← Тізімге қайта оралу