Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы

Генерал-майор Әшімбекұлы Ардақ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы

1977 жылы 1 мамырда Жамбыл облысында туылған. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара әскерлерінің Әскери институтының «бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттерін басқару» мамандығы бойынша түлегі. Сондай-ақ, Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әскери істегі стратегиялық менеджмент" (Жедел-стратегиялық деңгейдегі басқару бағыты) мамандығы бойынша Әскери іс және қауіпсіздік магистрі.

1999 жыл мен 2013 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қатарында және Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінде әртүрлі офицерлік басшылық лауазымдарда қызмет өткерген.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметі Бастығының бірінші орынбасары –Президентінің қауіпсіздік қызметінің бастығы болып тағайындалды.

2014 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздік қызметінің бастығы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 789 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы болып тағайындалды. 2019 жылғы маусымнан бастап Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымын атқарады.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ҚР Президентінің атынан және ПКҚ алғыстармен, «ҚР ҰҚК Әскери институтына 75 жыл» арнаулы мерейтой төсбелгісімен, «100 лет ВЧК-КГБ» медальмен, «ҚР МКҚ Құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған, ведомстволық 10 медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


← Тізімге қайта оралу