Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары

Генерал-майор Жүсіпов Әзімхан Әлиханұлы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары

1969 жылдың 22 қаңтарында Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылдан 1989 жылға дейін КСРО Қарулы Күштерінің қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша түлегі. Әскери істегі стратегиялық менеджмент" (Жедел-стратегиялық деңгейдегі басқару бағыты) мамандығы бойынша Әскери іс және қауіпсіздік магистрі.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдарына қабылданды. Қызмет жолында ұлттық қауіпсіздік органдарында кіші жедел уәкілі лауазымынан бастап, түрлі бөлімшелердің басшысы ретінде қызмет атқарды.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінде қызметін жалғастырып, түрлі құрылымдық бөліністерге басшылық етті.

2017 жылғы мамырда  Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды.

ҚР Президентінің Жарлығымен 3 мемлекеттік наградамен – І және ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен (2010 ж., 2016 ж.) және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен (2005 ж.) марапатталған. 12 ведомстволық және мерейтойлық медальдармен, сондай-ақ «Елбасы қорғаны» төс белгісімен марапатталған. ҚР ҰҚК құрметті қызметкері.


← Тізімге қайта оралу