Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ТУЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ТУЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің туы екі жақты тік бұрышты көгілдір түсті матадан, екіге бүктелген креп-сатиннен (фая) жасалған және жиектерінің үш жағы алтын түсті жібек бахромадан тігілген. Тудың орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кіші эмблемасы бейнеленген, ашық көк түсті жеті бұрышты алтын түспен жиектелген контурлы жұлдыз бастырмасынан жасалған. Бес бұрышты жұлдыз ішінде мемлекеттік тудың элементтері – күн және оның астында шарықтап ұшқан алтын түсті қыран орналасқан. .

Тудың жоғарғы жағында алтын (сары) түсті жібекпен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», астынғы жағында - «МЕМЛЕКЕТТIК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ» жазулары жазылған.

Ту енінің ұзындығына қатынасы – бірде бір жарым (1000 мм – 1500 мм). Жеті бұрышты контурлы жұлдыздың диаметрі – ту енінің 1/3. Бес бұрышты жұлдыздың диаметрі – ту енінің 1/6. Тудың екі жағындағы бейнелері мен жазулары бірдей. Туды ағашқа кигізу мүмкіндігі болу үшін, тудың ағашқа байланатын бөлігінің матасы арнайы тігіспен тігілген.

Ағаш диаметрі 32 мм және ұзындығы 2200 мм. Ағаштың фигуралы жоғарғы басында екі шашағы бар есулі алтын түсті жібек бауы бекітілген. Баудың ұзындығы 1600-2000 мм.

← Тізімге қайта оралу