Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі (Республикалық ұлан) бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары

0112 әскери бөлімінің жауынгерлік жалауы
(«АЙБЫН» Президенттік полкі)

Алдыңғы жағы

Екінші жағы



0111 әскери бөлімінің жауынгерлік жалауы
(«БАТЫР» Президенттік полкі)

Алдыңғы жағы

Екінші жағы

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі
Объектілерді қорғау қызметі (Республикалық ұлан) бөлімдерінің жауынгерлік жалауларының
сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі (Республикалық ұлан) бөлімдерінің жауынгерлік жалауы екі жақты жалпақ матадан, сабынан және білезікті баудан тұрады

Ұзындығы 145 см және ені 115 см жалаудың жалпақ матасы екі есе күрделендірілген көгілдір түсті фаядан дайындалған және жиегінің үш жағынан алтын түсті жібекті шашақпен зерленген.

Жалпақ матаның  бет жағының ортасында алтын түсті жібекпен 50 см көлемде Қазақстан Республикасының Ел таңбасы кестеленген. Жалпақ матаның жоғарғы жағынан «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» жазуы алтын түсті жібекпен кестеленген, астыңғы жағынан «ОТАН ҮШІН» жазуы, жазудың әріпінің биіктігі – 7,5 см.

Жалпақ матаның сыр жағының ортасында аппликация: ортасында шеңберге орналастырылған салт атты сақ жауынгерінің стилидендірілген бейнесі бар бес шетті көгілдір түсті (көгілдір ақық) жұлдыз. Жұлдыздың пішіні, шеңбер және салт атты жауынгердің бейнесі алтын түстес етіп жасалған. Жұлдыз көлемі жалау ұзындығының 1/3.

Аппликацияныі үстінен жалаудың жоғарғы шетімен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ» жазуы алтын түсті жібекпен кестеленген, ал аппликацияның астынан жалаудың төменгі шетімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі (Республикалық ұлан) бөлімінің атауы. Жазудың әріптерінің көлемі – 6см. 

Жалаудың сапты жағы диаметрі 4 см және ұзындығы 250 см сабқа кигізуге мүмкінді беретін тігіспен тігілген. Сап қою-қоңыр түспен боялған, лакталған. Саптың жоғарғы жағында әшекейленген ұштық. Жалаудың баулары ширатылған, алтын түсті жібекпен дайындалған, соңында екі шашағы бар. Баудың ұзындығы 270-285 см.

← Тізімге қайта оралу