Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің эмблемалар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің эмблемалар

Үлкен эмблема

Кіші эмблема

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің эмблемасы кіші және үлкен эмблемадан тұрады. Кіші және үлкен эмблемалардың мәртебелері бірдей және өздігінен пайдаланыла алады.

Кіші эмблема – көк (ашық) түсті жеті бұрышты алтын түспен жиектелген контурлы жұлдыздың бейнесі, ақ танаптың ортасында алтын түспен жиектелген көгілдір түсті бес бұрышты жұлдыз орналасқан. Бес бұрышты жұлдыздың ортасында Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының элементтері - күн және оның астында шарықтап ұшқан алтын түсті қыран бейнеленген.

Үлкен эмблема – сұр (сұршыл ақ) түсті сопақ пішінді геральдикалық қалқанда екі жоғарғы бүйір ойықтарымен кіші эмблеманың бейнесі. Кіші эмблеманың астында лавр бұтақтары, үстінде ұлттық ою-өрнек бейнеленген. Қалқанның ішкі жиегінің астын жағалай көкшіл (көгілдір) түсті алтын (сары) түспен жиектелген соңында үшбұрышты ойықтары бар лента, лентада алтын түсті «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» жазуы бар. Қалқан жиегінің жоғарғы бөлігінде он бір домалақ тойтармалары бар. Жиектің астыңғы бөлігінде көк (көгілдір) түсті «МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ» жазуы жазылған. Қалқанның екі жағындағы ойықтарында S-тәрізді гардаларымен қылыш қолсабы бейнеленген, олардың әрбіреуі шашақтары бар есулі бауды айналдыра орналасқан.

← Тізімге қайта оралу